Отандық жеңіл өнеркәсіпке мемлекеттік сатып алуда басымдық берілмек

АСТАНА. KAZINFORM — Үкімет жеңіл өнеркәсіпті қолдау мен дамытудың жедел және жүйелі шараларын әзірледі.

Отандық жеңіл өнеркәсіпке мемлекеттік сатып алуда басымдық берілмек
Фото: Kazinform/ЖИ

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, мемлекеттік сатып алу отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін қолжетімді болады, қазақстандық шикізатты пайдалануға қойылатын талаптарды арттыру, ал мектеп формасының сапасына қойылатын талаптарды ұлттық стандарттар деңгейінде бекіту жоспарланып отыр. Сонымен қатар өнімді сертификаттау және зертханалық сынау үшін бизнес шығындарын азайту ұсынылады.

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жеңіл өнеркәсіп өкілдерімен кезекті кездесуде жеңіл өнеркәсіпті қолдау және дамыту бойынша қосымша шешімдер пакеті ұсынылды. Ол тамыз айының басында вице-премьермен кездесуде айтылған отандық өндірушілердің ұсыныстарын ескере отырып дайындалды.

Отандық жеңіл өнеркәсіпке мемлекеттік сатып алуда басымдық берілмек
Фото: ҚР Үкіметі

— Негізгі шешімдердің бірі — мемлекеттік қорғаныс тапсырысына қатысты. Жеңіл өнеркәсіп тауарларын сатып алу кезінде шикізаттың елішілік құндылығына қойылатын талаптарды кезең-кезеңімен арттыру ұсынылады. Бұл қазақстандық шикізатты пайдалануды ұлғайтуға және жергілікті өндірушілердің неғұрлым тұрақты жүктемесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.

Мемлекеттік сатып алуда отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктерін кеңейту жоспарланған. Ол үшін «Еңбек» РМК қылмыстық-атқару жүйесі арқылы бір көзден сатып алынатын жеңіл өнеркәсіп тауарларының тізбесін қайта қарау ұсынылады. Тізімде отандық кәсіпорындарға мемлекеттік сатып алуға неғұрлым кең қолжетімділікті ашып, ұйымның ішкі қажеттіліктері үшін ғана өнім қалдыру ұсынылады.

Отандық жеңіл өнеркәсіпке мемлекеттік сатып алуда басымдық берілмек
Фото: ҚР Үкіметі

Өзгерістер мектеп формасына да әсер етеді. Оның сапасына қойылатын талаптарды Ұлттық стандарттарға сәйкестікті нормативтік тұрғыдан бекіту арқылы күшейту ұсынылады.

Сертификаттау және зертханалық сынақтардың құны да қарастырылды. Өткен кеңесте бизнес өкілдері мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін өнімді сертификаттаудың жоғары құнын атап өтті. Саланың ұсыныстарын ескере отырып, өнімді сынауға белгіленген тарифтерді көздейтін әдістемені әзірлеу туралы шешім қабылданды. Бұл қызметтердің құнын ашық етіп, өндірушілердің шығындарын төмендетуі керек.

Отандық жеңіл өнеркәсіпке мемлекеттік сатып алуда басымдық берілмек
Фото: ҚР Үкіметі

Жедел шараларды заңға тәуелді актілер деңгейінде, жүйелі шараларды заңнамаға өзгерістер енгізу арқылы іске асыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде Салық кодексіне және басқа да заңнамалық актілерге түзетулер пакеті дайындалды.

Отандық жеңіл өнеркәсіпке мемлекеттік сатып алуда басымдық берілмек
Фото: ҚР Үкіметі

Негізгі құралдардың бірі — локализацияны жақсарту туралы келісім жасау. Өзіне тиісті міндеттемелерді қабылдаған кәсіпорындар салық жеңілдіктеріне, оның ішінде объектілердің орналасқан жеріне қарамастан, экстерриториялылық туралы норма есебінен құқық алады.

Бұған дейін жеңіл өнеркәсіпті дамытуға арналған 28 шара іске асырылатыны айтылды.