Отандық аралас жекпе-жек спортшылары халықаралық аренада өздерінің деңгейін нығайтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық құраманың жетістіктері Қазақстанда аралас жекпе-жектің даму деңгейінің өскенін көрсетіп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қазақстанның ММА Федерациясының президенті Анатолий Ким мәлім етті.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, биылғы жылдың барысында Федерацияның жетекшілігімен әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасында ірі республикалық және xалықаралық жарыстар өткізілді. Атап айтқанда, бұндай додалардың арасында 9-11 сәуірде Орал қаласындағы III Қазақстан чемпионаты мен 17-19 қыркүйекте Ақтөбеде өткен II ММА Кубогын атап өткен жөн. Жарысқа барлық аймақтардан 200-ден астам спортшылар қатысып, Қазақстанның ММА құрамасы жаңа спортшылармен толықты.

Сонымен қатар А. Ким ағымдағы жылы Азия чемпионаты Тәжікстанның Худжанд қаласында өткенін айта келе, осы жарыста Қазақстан жалпы командалық есепте бірінші орын ие болып, құрама төрт алтын, бір күміс, бір қола еншілегенін еске салып өтті.

ММА Федерациясының президенті қазіргі кезде қазақстандық спортшылар барша әлемге танылғанын, осы орайда Қазақстан спортшыларымен жекпе-жекке шыққан кезде даяр болуы үшін шет елдік қарсыластар қазақстандықтардың техникасын зерделеуде екенін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар