Отандық білім саласына меценаттардың 6 млрд. теңгесі құйылды ? Ж.Түймебаев

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2008 жылда еліміздің білім саласына меценаттық мақсатпен 6 млрд. теңге көлемінде қаражат құйылды. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Жансейіт Түймебаев мәлім етті,

Отандық білім саласына меценаттардың 6 млрд. теңгесі құйылды ? Ж.Түймебаев
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрдің сөзіне қарағанда, меценаттар республика бойынша 16 мектеп пен 12 спорт кешенінің құрылысына қолдау көрсетіп, 57 мемлекеттік білім беру ошақтарының материалдық-техникалық базасын жаңартты. «Жалпы, өткен жылы отандық білім саласына меценаттардың 6 млрд. теңгесі құйылды», - дейді Ж.Түймебаев.