Отандық электр-техникалық компания Кентау көпбейінді колледжін шепке алды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Alageum Electric» электр-техникалық компаниясы техника мамандарын даярлайтын Кентау көпбейінді колледжін қамқорлыққа алды. Тараптар бұл ынтымақтастықты меморандумда бекітті, деп хабарлады ОҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
None
None

«Бұл бизнеске бұдан әрі өз кәсіпорындары үшін білікті қызметкерлер даярлауға, оқу бағдарламасын дербес қалыптастыруға, оқыту барысын бақылауға, колледждің материалдық базасын жақсартуға мүмкіндік береді», - деп әңгімеледі ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мақсат Қасымбеков.

Мұндай ынтымақтастық өндірістік практика проблемасын шешуге де жәрдемдеседі. Студенттер тікелей цехтарда өз біліктілігін арттырып, өндірісті өз көзімен көруге және оқу аяқталғаннан кейін зауытқа дайын маман ретінде келуге жағдай туғызады. Әзірге болашақ жұмысшылардың даярлану деңгейі көптеген әлеуетті жұмыс берушілердің көңілінен шығып жүрген жоқ.

«Alageum Electric» компаниялар тобы электр энергетикасы, машина жасау, құрылыс салаларындағы 30-дан астам ірі кәсіпорындар мен зауыттарды біріктіреді. Колледжді шепке беру барлық түлектердің басты проблемасы - жұмысқа орналасу мәселесін шешеді.

Соңғы жаңалықтар