Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Отандық кәсіпорын алғаш рет әскери техниканың қозғалтқыштарын жөндеуді қолға алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың құрамына кіретін отандық «Семей машина құрастыру зауыты» АҚ алғаш рет дизельді қозғалтқыштарды жөндеу бойынша жобаны іске асыруда.

Отандық кәсіпорын алғаш рет әскери техниканың қозғалтқыштарын жөндеуді қолға алды

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл мақсаттарға кәсіпорында арнайы учаске ұйымдастырылған. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тағы мамандардың айтуынша, әскери бөлімдердің біріндегі оқу-жауынгерлік топтың броньды танк қару-жарағында бөлінген қозғалтқыштардың пилоттық партиясы сынақтан сәтті өтіп үлгерді. Қазіргі уақытта олар орнатылған Т-72 және ЖӘЖМ-2 танктері жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды пайдаланылады.
«Семей машина құрастыру зауыты» АҚ Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ТЖМ мен өзге де ұйымдардың бөлімшелерімен пайдаланылатын шынжыртабанды тартқыштардан бастап дизельді электр станциялары мен қар тазалағыш шнекті-роторлық машиналарға дейінгі әртүрлі көлік машиналарында орнату үшін арналған дизельді қозғалтқыштарды жөндеудің барлық түрлерін жүргізеді.
Бұл салада нормативтік-техникалық құжаттаманың барлық талаптарын сақтай отырып, кәсіпорындағы күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды білікті мамандар орындайды. Дизельді қозғалтқыштар мен отындық аппаратураны жөндеу және диагностикадан өткізу кәсіби жабдық қолданыла отырып жүргізіледі.