Отандық кәсіпорындар өнімі мен қызметі әлемдік талаптарға сай болуы тиіс - Мәжіліс депутаты В.Киянский

ОРАЛ. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Отандық кәсіпорындар өнімі мен қызметі әлемдік талаптарға сай болуы тиіс. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Виктор Киянский мәлім етті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутаттың айтуынша, кешікпей "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Заңға өзгерістер енгізіледі деп күтілуде. Заң күшіне енгеннен кейін кез келген шетелдік инвестор тек қазақстандық тауар өндірушілердің өнімін сатып алуға міндетті. Мұның тағы бір тиімді тұсы, осы кезге дейін түрлі тендер, байқауларын елімізден тысқары жерлерде өткізіп келген шетелдік компаниялар бұдан былай оларды тек қана Қазақстан аумағында өткізетін болады. Міне, осыны отандық кәсіпорындар тиімді пайдалануы керек. "Келісімшарт дегеніміз - тек ақша ғана емес, сонымен бірге үлкен жауапкершілік, биік мәртебе", деді депутат.

Соңғы жаңалықтар