Отандық тауар бәсекеге қабілетті болуы керек - В.Крылов, БҚО

ОРАЛ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Елбасымыз биылғы Жолдауында мем­лекеттің 2050 жылға дейінгі жаңа саяси ба­ғытын айқын­дап берді.

Отандық тауар бәсекеге қабілетті болуы керек - В.Крылов, БҚО

Адам өміріндегі бар­лық мәсе­лені назарынан тыс қалдырмаған Нұрсұлтан Назарбаев отандық тауар өндірісіне де ерекше мән берген. Осыған орай «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС директоры Валерий Крылов өз ой-толғамын былайша білдірді.

-Елбасы тапсырмасы бойынша 2050 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы тиіс, деді ол. Ол үшін отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болуы керек. Біз, отандық тауар өндірушілер, өнімдерімізді өзге жұрт қы­зығатындай сапалы да, ыңғайлы етіп даярлап үйренуіміз керек. Тауарларымызға сұраныс  көп болса, еңбегіміздің жанғаны. Біздің ұжым қазіргі таңда осы бағытта жұмыстануда. Кәсіпорын  жұмысшылары даярлаған полиэтилен құбырлар көпшіліктің көңілінен шығып жатқан секілді. Себебі оларға еліміздің түкпір-түкпірінен тапсырыс берушілер көп. Жуық арада біздің құбырлар Ресейге жөнелтілмекші. Экспортқа шығару жө­нінде қазіргі кезде көрші мемлекетпен келіссөз жүргізілуде.

«Тауар сапасы бұдан бұрын да басты назарымызда болды. Соның нәтижесінде зауыт жұ­мысшылары даярлаған полиэтилен құбырлары бірнеше жыл қатарынан «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық байқау көрмесінде жүлделі орындарға ие болды. Биылғы аймақтық байқауда «Тұрғындарға арналған ең үздік өнім» аталымы және республикалық тұтынушылар лигасы байқауының қорытындысы бойынша «Мінсіз тауар» аталымын жеңіп алдық. Кәсіпорынның мұндай табысқа жетуіне облыс әкімдігінен бастап «Даму» өндірістік дамушы қоры» АҚ мен «Атамекен» одағы» ұлттық-экономикалық палатасының облыстық бөл­імшесіндегі кәсіпкерлік сала мамандары көмектесті. Көпшіліктің қолдауымен жеткен табысты мен тек кәсіпорынның ғана емес, сонымен қатар өңіріміздің  жетістігі деп санаймын. Алдағы уақытта экспорт көкжиегін кеңейтуге бар күшімізді саламыз», деді В.Крылов.