Отандық тауарларда арнайы стикерлер пайда болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сайлау науқанына байланысты «Әркімнің дауысы маңызды!» атты ауқымды ақпараттық акцияны бастайды. Бұл туралы бүгін ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев мәлім етті.
None
None

«ТМД елдері мен ЕАЭО мемлекеттері ішінде кәсіпкерлерге Қазақстандағыдай қолдау ешқайда жоқ. Экономиканың барлық салалары бойынша кәсіпкерлікті қолдаудың көптеген бағдарламалар қабылданды. Әсіресе шағын және орта бизнеске, кәсіпкерлікке бет бұрғысы келетін азаматтарға да жағдайлар жасалған. Сондықтан қазақстандықтар өз болашағына деген жауапкершілікті сезініп, Конституциялық міндетін орындап, 26 сәуірде президенттік сайлауға келуі бізге өте маңызды. Осы мақсатта ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Әркімнің дауысы маңызды!» атты ауқымды ақпараттық акцияны бастайды», - деді ол бүгін баспасөз мәслихатында. - Оның мақсаты шағын және орта кәсіпкерліктің белсенділігін арттырып, халықтың сайлау кезінде дауыс беруіне үгіттеу. Біздің кәсіпкерлер өздері шығаратын өнімдердің сыртына арнайы «Әркімнің дауысы маңызды!» атты ұранымыз жазылған эмблемалармен таңбалайтын болады. Дүкен сөрелерінде отандық өнімдердің барлығында осындай стикерлер жапсырылады. Сонымен қатар барлық дүкендерде, мейрамханалар мен дәмханаларда сайлау күні белгіленген күнтізбелер болады. Олар біздің азаматтарымызға сайлауға неше күн қалғаны жөнінде ақпарат беріп тұрады».

Оның атап көрсеткеніндей, бұл шара белгілі бір кандидатты үгіттеу немесе саяси күшке қолдау білдіру акциясы емес.

Соңғы жаңалықтар