Отандық және шетелдік компаниялардың бір топ басшысы Астана құрылысына қосқан елеулі үлестері үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды

2010 жылғы шілденің 6-сы күні таңертеңгілік Елбасының тапсырмасымен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов «Құрмет» орденін «АҚҚБ Жаңа құрылыс» ЖШС директоры Гүлнар Ыбрайымбаева мен «ИСК «АSI» ЖШС директоры Сергей Котляровқа тапсырды. «Ерен еңбегі үшін» медалін «Сембол Улусларарсы» АҚ филиалының жұмысшысы Кенжебек Ибрагимов пен Балтабай Серкебаевқа және «Базис-А» Корпорациясы №1 филиалының бас директоры Сейтжапар Әлімжановқа табыс етті.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы «Базис-А Корпорациясы» ЖШС №1 филиалының атқарушы директоры Нұрлан Бердиевке табыс етілді.
Шілденің 5-і күні «Хан Шатыр» СОО салтанатты ашылу рәсімі қарсаңында И.Тасмағамбетов II дәрежелі «Достық» орденін «Rixos» қонақ үйлер желісінің директорлар кеңесінің басқарма төрағасы Феттахe Таминджеге және «Сембол Иншаат» АҚ директорлар кеңесінің басқарма төрағасы Туфан Айтекін Гүлтекінге табыс еткен болатын.
«Елбасымыздың осы қала күнінің қарсаңында сіздерді мемлекеттік наградамен марапаттауының өзіндік мәні бар. Сіздердің еңбектеріңіз жоғары бағаланып отыр. Сіздердің үлкен ұжымдарыңыз бар, осы үлкен ұжымның еңбегі бұл. Сондықтан да біздің осы мерекелік құттықтауымызды оларға жеткізіңіздер. Еңбектеріңізге табыс тілеймін. Мереке құтты болсын!», - деді И.Тасмағамбетов оларды марапаттау кезінде сөйлеген сөзінде.
Әкім мерекелік шараларға келген ресми делегаттардың да Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен құрылыс саласын мемлекеттік қолдаудың арқасында мүмкін болған қазақстандық құрылысшылардың сәтті еңбектерін оң бағалап жатқанын атап өтті. Атап өтер болсақ, Мәскеу мэрі Юрий Лужков 16 миллионнан астам халқы бар РФ елордасында жылына 3,5 миллион ш.м. тұрғын пайдалануға берілетіндігін мәлім еткен. Ал 700 мың тұрғыны бар Астанада бұл көрсеткіш қаржылық дағдарысқа қарамастан 1,3 млн. ш.м-ді құрайды. Салыстыру үшін ол 1991 жылы миллион тұрғыны бар Алматыда салынған 900 мың ш.м. тұрғын үй жақсы көрсеткіш болғанын атап өтті.
«Бұл Елбасының және ел үкіметі тарапынан Астанадағы тұрғын үй саласына баса назар аударылып отырғанын көрсетеді. Осының арқасында елімізде бизнес пен мемлекеттік ресурстар күшін біріктіріп, осындай ауқымды міндеттердің шешімін тауып отыр», - деді Астана әкімі.