«OTAU TV» абоненттері 400 мыңға жетті

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында «OTAU TV» Ұлттық телерадио хабарларын тарату спутниктік желісінің 400-мыңыншы абоненті тіркелді. Бұл туралы «Қазтелерадио» АҚ қоғаммен байланыс қызметі хабарлады.
None
None

Ол Благодарное ауылдық округіне қарасты Ақжар ауылының тұрғыны Оразалы Алматов болып шықты. Осынау маңызды оқиғаның құрметіне мерейтойлық абонентке ескерткіш сыйлық тарту етілді.

«OTAU TV» Ұлттық спутниктік телевидениесі толық сандық форматта 2011 жылы қаңтарда ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған болатын.

- Үш жылға жетпейтін уақыт ішінде елде оның абоненттерінің саны 400 мыңға жетті, енді алда 500 мыңдық көрсеткішке жету межеленіп отыр», - деді облыстық телерадио хабарларын тарату дирекциясының директоры Арыстан Ахметниязов.

Оның айтуынша, «OTAU TV» Қазақстанның кез келген түпкірінде тұратын абонентінің 38 отандық телеарна мен 7 радио арнасына тегін қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Рейтингілік шетелдік арналар ақылы қызмет түрінде ұсынылады. Мәселен, «Стандарт» бумасына (72 арна) - абоненттер айына 1 мың теңге, ал «Элит» бумасына (97 арна) - айына 2 мың теңге төлейді. Бұл желінің артықшылығы неде?

Біріншіден, «OTAU TV» арқылы қала мен ауыл арасындағы ақпараттық теңсіздік деңгейі төмендейді. Ауыл тұрғындары үш жыл бұрын ең көп дегенде 3-4 арнаны көруді місе тұтатын. Бүгінде олар спутиниктік жабдықты сатып алып, сапалы көптеген арнаны көре алады. Екіншіден, ұлттық желі ең шалғай елді мекендерді қамти алады. Кәбіл төсеу мүмкін болмаған жерде, спутинктік арналар жұмыс жасайды. Тағы бір артықшылығы - ұтқырлығы. Сіз теле- және радиохабарларды шалғайдағы жайлауда, мал фермаларында да көре аласыздар. Біздің көптеген абоненттеріміцз Темір, Мұғалжар, Әйтеке би, Байғанын ауданының, сондай-ақ, әрине, Ақтөбе қаласының тұрғындары», - дейді директор.

«Облыстар бойынша, ақтөбе өңірі Ұлттық спутниктік желіні енгізуде көщ бастап отыр. Ал абоненттердің жалпы саны жағынан Оңтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласынан кейінгі үшінші орында. Бүгінде 37 мыңнан астам ақтөбелік отбасылар спутинктік желіге қосылған, бұл 150 мыңдай тұрғын деген сөз. Қазан айының 29 күні ішінде ғана біздің облысымызда 5 200 үй шаруашылықтары желіге қосылды - бұл осы кезеңде ел бойынша екнші орын алады дегенді білдіреді», - деді А.Ахметниязов.

Ақжар ауылының тұрғыны Оразалы Алматов 21 қазан күні «OTAU TV» спутинктік жабдығын сатып алған болатын, ал 22 қазан күні оған облыстық телерадиокомпания өкілдері телефон соқты.

- Мен бұрын мұндай ұтысқа ешқашан ие болған жоқ едім, мұндай мерейтойлық сыйлық мен үшін күтпеген қуаныш болды. Оның үстіне мен осы күндері 50 жасқа толып отырмын», - дейді ол.

Оразалы Алматов бұрын тепловоз машинисі болған. Енді қазір өзін өзі жұмыспен қамтып отыр. Оның үш ересек балалары бар, олар Ұлттық желіге қосылу туралы әкелерінің идеясын қуана қарсы алды. Енді үйде жаңа теледидар пайда болды - оны «Қазтелерадио» АҚ сыйға тартты. Оның үстіне - үш ай бойы «Элит» телебағдарламасының премиум-бумасын тегін көру мүмкіндігіне ие болды.

Соңғы жаңалықтар