Отбасы банк 2025 жылы 200 млрд теңгенің облигациясын шығаруды жоспарлап отыр

АСТАНА. KAZINFORM – «Отбасы банк» акционерлік қоғамы «Наурыз» бағдарламасын 2025 жылы да жалғастыру үшін 200 млрд теңгенің облигациясын шығармақшы. Бұл акционерлік қоғамның басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Үкімет отырысында мәлім етті.

Отбасы банк
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

– Бағдарламаларды жалғастыру үшін 2025 жылы қосымша 200 млрд теңгенің облигациясын шығарамыз. Банк облигацияларды 14-15 пайыздан, нарықтың бағамымен шығарады. 7 пайызға дейін мемлекеттен субсидияланады. Бірінші рет 24 қаңтарда бюджеттен 8 млрд 180 млн теңге бөлуді сұраймыз, - деді ол.

«Отбасы банк» басшысы аталған бағдарлама жас отбасылардың арасында танымал екенін айтады.

- 2025 жылы «Наурыз» бағдарламасының табысты жүзеге асуы үшін бюджет қаражатын бөлу процесін тездетуді ұсынамыз. Аталған бағдарлама жас отбасылар арасында сұранысқа ие. Сондықтан банк осы жұмыстарды ары қарай жалғастыруды жоспарлайды, - деді ол. 

Бұған дейін «Отбасы банк» тұрғын үймен қамту процесін қалай автоматтандыратынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар