Отбасы банк қосымшасы мен enpf-otbasy порталы уақытша істемей тұр
АСТАНА. KAZINFORM – Отбасы банк өз жүйесіндегі ақауларға ресми түсініктеме берді.
- Қазіргі уақытта банктік сервистер бойынша техникалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл процесс жоспарланғаннан ұзағырақ уақытты алды.
Өкінішке қарай, уақытша түрде банк бөлімшелерінде, Баспана маркет платформасында және мобильді қосымшада операциялар қолжетімсіз.
Сондай-ақ байланыс орталығы уақытша жұмыс істемейді, - деп жазады банктың ресми сайты.
Ресми мәліметте банк мамандары барлық жүйелер мен банк операцияларын мүмкіндігінше тезірек қалыпты режимде жұмыс істетуге күш салып жатқаны айтылған.
- Түсіністік танытқандарыңыз үшін рақмет және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген хабарламада.
«Отбасы банк» мобильдік қосымшасынан бөлек БЖЗҚ-дағы жеткіліктілік шегінен артылған ақшаны емделу мен тұрғын үйге бағыттау операциясын рәсімдейтін enpf-otbasy порталы да істемей тұр.
Айта кетейік, былтыр Отбасы банкте 1 миллион депозит ашылды.