Отбасы банк сервистерінің жұмыс істемей қалуы мүмкін екенін ескертті

АСТАНА. KAZINFORM — «Отбасы банк» АҚ клинеттеріне ертең кейбір сервистерінің жұмысында кідірістер болуы мүмкін екендігін ескертті.

«Отбасы Банк»
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

— 14 мамыр күні сағат 18:00–ден 22:00–ге дейін жүктеме тестілеуге байланысты «Otbasybank.kz» жылжымайтын мүлік порталының, enpf-otbasy.kz зейнетақы аударымдарын пайдалану платформасының және «Otbasy bank Lite» жаңа мобильді қосымшасының жұмысында кідірістер болуы мүмкін екенін хабарлаймыз, — делінген банктің ресми сайтында жарияланған ақпаратта.

Осы қолайсыздықтар үшін банк клиенттерінен кешірім сұрап, аталған сервистерді пайдалану кезінде осы ақпаратты ескеруді өтінеді.

Айта кетейік, бұған дейін сот орындаушылары «Отбасы банк» салымшыларынан 3,4 млрд теңге жымқырғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар