19:12, 30 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Өтіп бара жатқан жылы Курчатовта мемлекеттік тілде оқытатын алғашқы мектеп ашылды
ӨСКЕМЕН. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Курчатов қаласының өміріндегі үлкен оқиға биылғы жылы қалада алғаш рет қазақ тілінде оқытатын мектептің ашылуы болды.

Бүгінде мұнда 400 оқушы оқиды.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев осы аптаның ортасында мектепте болған кезінде аймақтық бюджеттің қаражаты (108 млн. теңгеден астам) ұқыпты жұмсалғанына көз жеткізді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Тағы бір жағымды жаңалық - Мәдениет үйінің жаңартылуы болды. Осында аймақ басшысы қала тұрғындарымен кездесті. Ол Елбасымен «тікелей желіде» қойылған сұрақтарға жауап қайтарды. Әкім өткен жылғы аймақ дамуына тоқталды.
Курчатов қаласында да орнықты даму серпіні аталып өтті. 11 айдың қорытындысы бойынша мұнда өнеркәсіп өнімдерін өндіру 1 млрд. теңгеден асты, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 27 пайыз жоғары.