Өткен 20 жылда агроөнеркәсіп кешені саласын дамытуға қатысты 20 заңнамалық актілер қабылданды

None
None
ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Тәуелсіздіктің 20 жылында еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты 20 заңнамалық акті қабылданды.

Оның ішінде 3 кодекс пен 17 заң бар. 378 заңға тәуелді актілер де қабылданды. Бүгін ҚР Парламенті Сенаты депутаттарымен кездесуі барысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осылай мәлім етті.

Ведомство басшысының айтуынша, 2006-2011 жылдар аралығында министрлік өз құзыреті шеңберінде көптеген заңдарды қабылдауға қатысты. Бұның ішінде 5 заң кәсіпкерлік қауымдастық үшін аса маңызды болып табылады. Бұл ретте заңнамалар бойынша мемлекеттік басқарудың әртүрлі деңгейлерінің арасындағы өкілеттіктерді аражігі нақты ажыратылып, кәсіпкерлерге әкімшілік ауыртпашылық азайтылған. Тексеріс рәсімдері де біріздендіріліп, қайталанатын рұқсат беру құжаттары алынып тасталған.

«Осылайша, 20 жылдық кезеңде ауыл шаруашылығы өнеркәсібі кешенін дамытуға арналған заңнамалық негіз қалыптасты. Сонымен қатар, біздің министрлік осынау маңызды саланы одан әрі заңнамалық жетілдіруді жоспарлап та отыр», - дейді А. Мамытбеков.

Соңғы жаңалықтар
telegram