Өткен 8 айда Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 11 млрд. доллар шамасында болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы қаңтар-тамыздағы Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы - 10 млрд. 988,9 млн. АҚШ долларын құрады. Соның ішінде экспорт - 3 млрд. 504,5 млн. АҚШ долларын, импорт - 7 млрд. 484,4 млн. долларды құраған. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, аталған көрсеткіш 2014 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 23,1 пайызға аз, соның ішінде экспорт көлемі есепті кезеңде 26,9 пайызға азайса, импорт үлесі 21,2 пайызға кеміген.

«Қазақстан Республикасының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер (48,7 пайыз ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне), химиялық өнеркәсіп өнімдері (18,7 пайыз), металдар және олардан жасалған бұйымдар (16,5 пайыз), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (7,5 пайыз) құрады. ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 29,8 пайызы), минералды өнімдері (14,6 пайыз), металдар және олардан жасалған бұйымдар (14,5 пайыз), химиялық өнеркәсіп өнімдері (14,4 пайыз), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (13 пайыз) әкелінген», - делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар