Өткен аптада 11 кісі өлтіру қылмысы әшкереленді - ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бір апта ішінде еліміздің аумағында 2 775 қылмыс жасалды. Бұл туралы ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Бір апта ішінде еліміздің аумағында 2 775 қылмыс жасалып, оның 1 681-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 3 қарақшылық, 44 тонау және 378 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Сонымен қатар ол Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездескеніне тоқталды. Кездесу барысында өңірде 71 ұрлық, 1 мал ұрлығы, сондай-ақ жыл басынан бері бір ай ішінде 26 алаяқтық фактісі тіркелгені айтылған.


Соңғы жаңалықтар