Өткен аптада елде 3 мыңнан астам қылмыс жасалған
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек криминалдық ахуал бойынша өткен аптадағы статистиканы ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бір аптада 3011 қылмыс жасалды. Оның 1810-ы тәулік ішінде ашылды», - деді ол ведомствоның онлайн брифингісінде.
ІІМ өкілінің айтуынша, бір аптада кісі қолынан 10 адам қайтыс болған.
«Полиция қызметкерлері ізін суытпай кісі өлтірудің – 5, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің – 5, қарақашылықтың – 1, тонауға қатысты – 34, бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша 430 қылмысты ашты», - деді Шұғыла Тұрлыбек.