Өткен аптада елімізде 12 кісі өлімі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM – Өткен апта ішінде ел аумағында адам өлтірудің 12 фактісі тіркелді. 

қылмыскер ұсталды
Фото: Polisia.kz

«Алдымен елдегі криминогендік жағдайға тоқталайық. Бір апта ішінде 2541 қылмыс жасалды, оның 1619-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 12 кісі өлтіру, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді қылмыстарын ашты. Одан бөлек, тәртіп сақшылары апта ішінде 28 тонау, 2 қарақшылық және 284 бөтен мүлікті ұрлағандарды тапты», - деді Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомстводан өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінің апталық брифингісінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Соңғы жаңалықтар