Өткен аптада облыс жолдарында 9 жол-көлік оқиғасы болып, 1 адам қаза тапты

АҚТАУ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Қаңтар айының 19-ы мен 25-і аралығында облыс жолдарында 9 жол-көлік оқиғасы болып, 1 адам қаза тапса, 8 адам түрлі дәрежеде дене жарақатын алған. Жол полициясы инспекторлары 1152 жолда жүру ережесін бұзу фактісін анықтаса, оның 28-інде жүргізушілер мас күйінде көлік жүргізген,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ОІІД ЖПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы аптада Ақтау қаласында екі рет жүргіншіні қағып кету оқиғасы болды. 19 қаңтар күні «ВАЗ-2105» автокөлігімен 1980 жылғы Д. есімді жүргізуші 3 «а» шағынауданында 1961 жылғы С. есімді жүргіншіні, 23 қаңтар күні 1990 жылғы Р. есімді жүргізуші «Мерседес» көлігімен 1975 жылғы Т. есімді жүргіншіні қағып кеткен. Облыстық ауруханаға жеткізілген қос жүргіншінің де мас болғаны анықталып отыр. Қарақия ауданында 24 қаңтар күні таңғы 09:00 шамасында «Құрық-Ерсай» тас жолында 1973 жылғы А. есімді азамат «Мерседес» көлігімен аударылып қалған.
Соңғы жаңалықтар