Өткен аптада жол апаттары салдарынан 27 адам мерт болды

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен аптада, яғни ақпанның 12-сі мен 20-сы аралығында ел аумағында 2 мың 11 қылмыс тіркелді.
None
None
Оның 36-сы - қасақана кісі өлтіру, 22-сі - қарақшылық, 196-сы тонау әрекеттері болып отыр. Сондай-ақ 878 рет ұрлық жасалған. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігі Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Бағдат Қожахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның мәліметтеріне қарағанда, аталмыш мерзімде 1 мың 648 қылмыстың беті ашылып іздеуде жүрген 119 қылмыскер қолға түскен. Сондай-ақ қылмыскерлерден 15 атыс қаруы тәркіленген. «Бұған қоса елімізде есірткіге байланысты 228 қылмыс тіркелсе, оның 76-сы есірткіні тасымалдауға қатысты. Ал Көкшетауда көлікке «техникалық тексеруден өтті» деген анықтама бергені үшін 2 мың теңге көлемінде пара алмақ болған жол полициясы қызметкері ұсталды. Республика жолдарында бір аптада 182 жол-көлік оқиғасы орын алып, оның салдарынан 27 адам мерт болды. 219 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді»,- деді департамент бастығы.
Соңғы жаңалықтар