Өткен айда өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағасы 3,2 пайызға төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы қазанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 3,2 пайызға төмендеді.Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен хабарланды.
Комитет ақпаратына қарағанда, ағымдағы жылғы қазанда қыркүйекпен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде - 4,4 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде - 1 пайызға төмендеген. Соның ішінде өндірілген өнімге баға - 3,4 пайызға арзандады, өндірістік сипаттағы қызметтерге - 0,4 пайызға жоғарылады. Өткен айда бағаның сұйытылған пропан мен бутанға - 7,2 пайыз, мұнайға - 5 пайыз, газ конденсатына - 4 пайыз, мазутқа - 0,3 пайыз, көмірге - 0,2 пайызға төмендеуі байқалса, бензинге - 0,9 пайызға жоғарылауы тіркелген. Бұдан бөлек, есепті кезеңде баға мырышқа - 11,8 пайызға, асыл металдарға - 5,4 пайыз, қара металдар илегіне - 3,4 пайыз, қорғасынға - 2,8 пайыз, мысқа - 2,5 пайызға төмендеп, ферроқорытпаларға - 1,5 пайыз, алюминийге - 1,2 пайызға жоғарылаған. Сонымен қатар, бағаның қантқа - 6,8 пайыз, макарон өнімдеріне - 0,3 пайызға төмендеуі, олардың бидай ұнына - 0,8 пайызға, құс еті мен өсімдік майына - 0,6 пайыздан, мал еті мен балыққа - 0,5 пайыздан, нанға - 0,2 пайызға жоғарылауы байқалған.