Өткен демалыс күндері ШҚО-да 100 тоннаға дерлік шөп өртеніп кетті

ӨСКЕМЕН. 17 қазан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өткен демалыс күндері Шығыс Қазақстанда 100 тоннаға дерлік шөп өртеніп кетті. Әдетте өрттің себебі отпен абайсыздықта болып жатады, дегенмен өрт сөндірушілер әдейі өрт қоюдың да жиілеп отырғанын айтады.

Өткен демалыс күндері ШҚО-да 100 тоннаға дерлік шөп өртеніп кетті

«Әсіресе Тарбағатай ауданында өрт оқиғасы көбірек орын алған, - дейді ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы Мейір Абаев. - Өрт әр жерде болды, көбіне қыстық кезеңге арналған шөп өртенді. Ал олардың иесі жұмыста жоқ, малмен ғана күнелтіп отырған адамдар».

Зардап шеккендердің айтуынша, өзара бір-біріне кінә арту, өкпелесу, келісе алмаушылық сияқты күнделікті ұсақ-түйек кикілжіңдердің соңы осындай оқиғаларға әкеп соғуда.

Биылғы жылдың басынан бері ғана аймақта шөп өртенуінің 150 оқиғасы болды, олардан келген материалдық шығын 5 миллион теңгеге жуықтап қалды.