Өткен екі айда кеден органы қызметкерлеріне қатысты 11 қылмыстық іс қозғалған

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жыл басынан бері Кеден комитетінің кеден органы қызметкерлеріне қатысты 11 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенаты депутаттарымен кездесуі барысында Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрбозов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Негізінен кеден қызметкерлері арасындағы заңсыздықты көбінесе өзіміз анықтаумен айналысамыз. Соңғы жылдары ауқымды шаралар қамтылғандықтан да, бұл саладағы сыбайлас жемқорлық қылмыстың көрсеткіші біршама төмендеді. Шындығында осыдан біраз жыл бұрын жең ұшынан жалғасқан жемқорлық кеден саласын басып алған болса, бүгінгі күні айтарлықтай оң өзгерістерді көруге болады. Сондай-ақ, кеден органдары өз ішіндегі күресті жандандырып отыр. Мәселен, соңғы кездері кеден саласында анықталған сыбайластық қылмыстардың 70 пайызы сол кеден қызметкерлерінің араласуымен ашылып отыр», деді Қ. Кәрбозов. 2008 жылы кеден органдарының қызметкерлеріне қатысты 164 қылмыстық іс қозғалды. Сонымен бірге, заңсыздыққа жол бергендіктен кеден органдарынан 62 қызметкер босатылса, олардың ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық қылмыстары ? 23-ті құраған.
Соңғы жаңалықтар