Өткен қыркүйек айында қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 91 925 теңгені құрады - Ә.Смайылов
«Көрсеткіш 2010 жылдың қыркүйегіне қарағанда 16,6 пайызға өсті. Нақты жалақы индексі 2010 жылғы қыркүйекке 107,3 пайызды құрады», - деп атап өтті бүгінгі брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов.
Қыркүйекте халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 46 057 теңгені құрады. Өсім 2010 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін - 15,2, нақты ақшалай табыстар үшін - 5,9 пайыз болды.
Сондай-ақ мәлім етілгендей, Қазақстанда 2011 жылғы қазанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 480,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 5,3 пайызын құрады. Қазан айының соңында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде 86,5 мың адам ресми тіркелді. Бұл экономикалық белсенді халық санының - 1 пайызы. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халықтың 0,3 пайызын құрады.