Өткен тамыз айында инфляция деңгейі 0,2 пайыз болды - Ұлттық банк
Бұл туралы бүгін Алматыда Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Азық-түлік тауарларының бағасы 0,5 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар жəне ақылы қызмет көрсету тиісінше 0,8 жəне 0,6 пайызға өскен. Азық-түлік тауарлары нарығында өткен айда неғұрлым көп дəрежеде көкөніс -6,1 пайызға, жеміс-жидектер - 2,8 пайызға, жұмыртқа - 0,8 пайызға арзандаған. Күріштің бағасы 1,1 пайыз, алкогольді жəне алкогольсіз сусындар 0,5 пайызға көтерілген. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында бензиннің бағасы 5,8 пайызға, газеттер, кітаптар жəне кеңсе тауарлары - 2,3 пайызға, медициналық дəрі-дəрмектердің бағасы 0,9 пайызға, дизель отыны - 0,7 пайызға өскен. Ақылы қызмет көрсету құрылымында тұрғын үй-коммуналдық саласының қызмет көрсетуі үшін ақы төлеу де қымбаттаған. Бұл ретте электр энергиясы 2,7 пайызға, ыстық су 1,1 пайызға қымбаттап отыр. Жалпы 2009 жылғы 8 айдағы инфляцияның 2008 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда баяулауына азық-түлік тауарлары жəне ақылы қызмет көрсету бағасы өсуінің баяулауы ықпал еткен.Олар осы кезеңде тиісінше 2,7 пайыз жəне 4,7 пайызға (2008 жылғы 8 айда - 8,7 пайыз жəне 7,5 пайыз) өсті.
Г.Марченконың айтуынша, жалпы жылдық инфляция баяулағандықтан, 4 қыркүйекте Ұлттық Банк ресми қайта қаржыландыру ставкасын 7,5 пайыздан 7,0 пайызға дейін төмендеткен.