15:24, 03 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Өткен тәулік ішінде 5 қылмыс тіркеліп, барлығы ашылды - Көліктегі ІІД
АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат. Қандыағаш станциясының желілік ішкі істер бөлімінің заңсыз көші-қонмен күрес тобының қызметкерлері «Мигрант» жедел-іздестіру шарасы барысында «Москва-Ташкент» жолаушылар пойызынан Наманған облысына тұратын 1968 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады.Оның төлқұжатына ОПК «Жайсан» жасанды мөртаңбасы қойылған. Тексеріс жұмыстары жүргізілуде,деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Үштөбе станциясының желілік ішкі істер бөлімінің заңсыз көші-қонмен күрес тобы, есірткі бизнесіне қарсы күрес тобы және патрульдік полиция қызметкерлері «Барьер», «Мигрант» жедел-іздестіру шарасы барысында Көксу станциясының бекетінде Алматы облысында тұратын 1959 жылы туған азаматты ұстады. Одан салмағы 1 килограмм 168 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалып, ұсталған азамат Қаратал ІІБ уақытша қамауда ұстау изоляторына жеткізілді.