18:10, 20 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Өткен тәулік ішінде Жамбыл облысының жолдарында екі адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді
ТАРАЗ. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Өткен тәулік ішінде Жамбыл облысының жолдарында екі адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

«Қордай ауданында республикалық мақсаттағы Алматы-Ташкент автожолының 251-шақырымында «Фольксваген-Гольф» автокөлігінің ОҚО тұратын 28 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, оны аударып алды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Иманқұлов.
ЖКО салдарынан осы көліктің жолаушысы, Алматы қаласының 44 жастағы азаматшасы оқиға орнында қаза тауып, оның бес жасар қызы түрлі дене жарақаттарымен Қордай ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.
- Сонымен қатар Жамбыл ауданының Жалпақ төбе ауылында «ВАЗ-2107» автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. ЖКО салдарынан 16 жасар қыз алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлады ҚР ТЖМ ТЖД баспасөз қызметі.