Өткен тәулікте 130 ауланы су басты - Алматы облысы
«Аулаларды су басу жағдайы әсіресе Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында көптеп тіркелді. Өткен тәулікте оқиға орындарында жалпы облыс бойынша 81 маман облыстық ТЖД және 86 адам жергілікті атқарушы мекемеден жұмыс істеді. Осыған орай 48 техника жұмылдырылған. Аулаларды су басу жағдайы арықтардың тазаланбауынан, қар суының еруінен және жердің терең қатуына байланысты судың сіңбеуіне орай болып жатыр. Сонымен қатар, арық ағатын жерлерге монша, қора салып тастаған. Соның салдарынан да аулалар суға толып жатыр. Тұрғындардан арықтарды аршып, тазалап отыруды сұраймыз», деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарушылардың мәліметінше, аулаларды су басу қаупі әсіресе түстен кейін жиілейді. Жалпы 25 ақпан күні облыс бойынша 130 ауланы су басқан болса, 24 ақпан күні осындай 66 жағдай тіркелген.