Өткен тәулікте 34 адам коронавирус пневмониясына шалдығып, 1 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 12 қазанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.

Өткен тәулікте 34 адам коронавирус пневмониясына шалдығып, 1 адам көз жұмды

Өткен тәулікте коронавирус инфекция белгілері бар пневмонияның 34 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 23 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 34 909, сонымен қатар 368 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 699 жетті.