09:57, 23 Маусым 2022 | GMT +5
                                        Өткен тәулікте 42 адамнан коронавирус анықталды
                                            НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған  42 жағдай тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК сілтеме жасап хабарлайды.
                                        
                                        
                                    
                                              Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 16, Алматы қаласында - 20, Шымкент қаласында – 2, Ақмола облысында – 1, Ақтөбе облысында 1, Қарағанды облысында - 1, Қостанай облысында -1 адамнан табылды.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 056 жетті.