11:00, 11 Қаңтар 2010 | GMT +5
Өткен тәулікте Астанада 4 бала көмірқышқыл газына уланып қалды - ТЖМ
АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат - Өткен жексенбі, қаңтардың 10-ы күні Астанада қатты отынмен жанатын пештің ақауы салдарынан 4 бала көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға түсті,

деп хабарлады ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Сарыарқа ауданы Өндіріс кентіндегі жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде ысты газға 12 және 6 жастағы екі қыз уланып қалса, осы диагнозбен Сарыарқа ауданындағы саяжай қоғамдастығында орналасқан Степная көшесіндегі үйден 1 және 3 жастағы қыздар ауруханаға жеткізілді.