09:31, 27 Қараша 2022 | GMT +5
                                        Өткен тәулікте Қазақстанда 107 адамнан коронавирус анықталды
                                            АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Қазақстанда 107 адамнан коронавирус анықталып, 8 адам инфекциядан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
                                        
                                        
                                     
                                              27 қарашадағы мәлімет бойынша, 990 адам коронавирус инфекциясынан (–839+ және 151 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 131 пациент стационарда, 859 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 6 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.