11:05, 08 Шілде 2009 | GMT +5
Өткен тәулікте республика бойынша үш дала өрті ауыздықталды
АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте республика бойынша үш дала өрті ауыздықталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ең үлкен дала өрті - 500 гектар алқапта - күндіз Алматы облысында болды. Оны сөндіруге 83 адам және 10 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 17.31-де ауыздықталды.
Дәл осындай екі оқиға Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Тілсіз жау 100 және 120 гектар алқапты жалмады. Өрттер жергілікті тұрғындар мен өрт сөндірушілердің күшімен сөндірілді.
Үш оқиғада да зардап шеккендер жоқ.