Өткен тәулікте республика тоғандарында үш адам суға кетті

АСТАНА. Шілденің 10-ы.  ҚазАқпарат -  Өткен тәулікте  республика  тоғандарында   үш  адам суға   кетті, 
None
None

деп  хабарлайды  ҚазАқпарат  Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметіне  сілтеме  жасап.

 Атап айтқанда,  Ақмола  облысының Мамай ауылында  кеше сағат 15.30-дарда   жергілікті  тоғандардың бірінде  шомылып  жүрген 18 жастағы жігіт суға кетті.  Оның денесін  судан   құтқарушылар  алып шықты.

 Сондай-ақ, кеше  сағат 16.15-тің шамасында     Алматы  облысындағы  Қапшағай су  қоймасында шомылып  жүрген жерінде 55 жастағы  әйел    суға  батып  кетті,  оның  денесін    судан құтқарушылар  алып шықты.

 Ал Атырау  қаласында  шомылу кезінде  45 жастағы  ер азамат  Жайық өзеніне   батып  кетті.

Соңғы жаңалықтар