15:32, 12 Мамыр 2010 | GMT +5
Өткен төрт айда өнеркәсіп өндірісі 11,8 пайызға артты
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында еліміздегі өнеркәсіп өндірісі 11,8 пайызға артты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, 2010 жылғы қаңтар-сәуір аралығында 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұнай өндіру, табиғи газ, темір кені, көмір өндірісінің көрсеткіштері біршама артқан. Бұдан бөлек азық-түлік өнімдерін өндіру, мұнай өңдеу, құрылыс материалдарын шығару, металлургия өнімдері мен химиялық өнеркәсіп, машина жасау саласында да өсімдер байқалған.
Атап айтқанда, есепті кезеңде газ конденсатын қоса алғанда мұнай өндіру 26,2 млн. тоннаны құрап, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 107,6 пайызға артқан. Сол секілді қаңтар-сәуір айларында өндірілген табиғи газ көлемі де 12,6 млрд. текше метрге жетіп отыр.
Өндіріс көлемінің өсуі еліміздің барлық өңірлерінде тіркелген.