Өткен түнде Аршалы ауданында жол апатынан бес адам жарақат алды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Өткен түнде Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданында Екатеринбор-Алматы күре жолы бойындағы жол-көлік апатында адам шығыны тіркелмеген,

Өткен түнде Аршалы ауданында жол апатынан бес адам жарақат алды - Ақмола облысы

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Департаменттен хабарланғандай, түн ортасында аудан орталығынан шыға берістегі екінші шақырымда «Опель» көлігінің жүргізушісі ара қашықтықты сақтамай, алдында келе жатқан «КамАЗ» жүк көлігіне соқтығысып қалған. Жұрт аман ел тынышта жүргізуші даңғыл жол үстінде көлігіне ие бола алмаған. Нәтижесінде Теміртау қаласының тұрғыны 1950-ші жылғы Д.есімді азамат пен қасындағы жолаушылар әртүрлі дене жарақаттарымен Астана қаласындағы емдеу орталығына жеткізілген.