12:33, 08 Шілде 2009 | GMT +5
Өткен түнде Курчатов қаласы маңында дала өртенді
СЕМЕЙ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәліметтері бойынша, өткен тәулікте өңірде 8 өрт оқиғасы болды.

Ведомство мамандары қажетті құтқару шараларын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ведомство мамандарының пікірінше, өрттің шығуының негізгі себебі - халықтың өрт қауіпсіздігін сақтаудағы абайсыздығы. Дәл осындай себептен Курчатов қаласының шығыс жағында 15-20 шақырымдай жерде дала өртенді. 90 гектар алқапқа жайылған тілсіз жаумен құтқарушылар түні бойы арпалысты. Өртті сөндіруге 39 адам және 6 арнаулы техника жұмылдырылды.