Өткен жылы елімізде қос азаматтығы бар 700-ге жуық адам анықталған
АСТАНА. Kazinform – Өткен жылы елімізде қос азаматтығы бар 700-ге жуық адам анықталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Kazinform агенттігінің ресми сауалына жолдаған жауапта айтылған.

— 2025 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке Қазақстан Республикасының бұрынғы 66 азаматы тартылды. Басым көпшілігі Ресей Федерациясының (64) азаматтығын қабылдағандар. Сондай-ақ Германия (1) және Қырғызстан (1) азаматтығын алған екі тұлға бар. Оның 35-і айыппұл төлесе, 31 адам елден шығарылды, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ведомство өткен жылы қос азаматтығы бар 700-ге жуық адам анықталғанын мәлімдеді.
— 2024 жылы Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке Қазақстан Республикасының бұрынғы 675 азаматы тартылды. Басым көпшілігі Ресей Федерациясының (565), Түркия (26), Германия (11) және АҚШ (22) азаматтығын қабылдағандар. Оның 526-сы айыппұл төлесе, 149 адам елден тыс шығарылды, - делінген жауапта.
Былтыр Қазақстан азаматтығын алушылар саны 25 пайыз азайғаны белгілі болды.
Сондай-ақ өткен жылы қанша адам ел азаматтығынан бас тартқаны жайлы жазған едік.