Өткен жылдың қараша айында орташа айлық жалақы 91,7 мың теңге болды

АҚТАУ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - 2008 жылдың қарашасында бір жұмысшының орташа айлық жалақысы 91,7 мың теңге болды. Бұл 2007 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 19,2 пайызға артық,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атаулы еңбекақы деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінен 6,1 есе, ең төменгі жалақы деңгейінен ? 8,7 есе өсті. 2008 жылдың қарашасында жалдамалы қызметкерлердің жалақысы 2007 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда құрылыс саласында - 21,5, көлік және байланыста - 15,8, өнеркәсіпте - 22,2, жылжымайтын мүлікпен операциялар бойынша кәсіпорындарда 29,1 пайызға өсті. Жалақының жоғары деңгейі көлік және байланыс саласында жұмыс жасайтын қызметкерлерде сақталды: 119,3 мың теңге өнеркәсіпте, құрылыс саласында 107,1 мың теңге. Ең төменгі жалақы ауыл шаруашылығында - 25,1 мың теңге, ол облыстық орташа деңгейден 3,7 есе төмен. Сондай-ақ төмен жалақы білім беру және денсаулық сақтау саласында сақталып отыр ? 34 мың теңге немесе облыс бойынша орташа көрсеткіштен 2,7 есе төмен. Өнеркәсіп саласындағы ең жоғары еңбекақы төленетіндер қатарына кен өндіру саласының қызметкерлері жатады, олардың еңбекақысы өткен жылдың қарашасында 138,2 мың теңгені құрады. Облыстағы кәсіпорындар мен ұйымдардағы ең жоғарғы және ең төменгі жалақы деңгейі арасындағы айырма ? 4,8 есе. 2007 жылдың сәйкес айына қарағанда жалақының өсуі Маңғыстау ауданынан басқа облыстың барлық аумақтық бірліктерінің барлығында байқалды. Ең жоғарғы жалақы Қарақия ауданында ? 120,7 мың теңге. Ақтау және Жаңаөзен қалаларында ? 96,1 және 93,7 мың теңге. Ең төмен жалақы Маңғыстау ауданында сақталып отыр - 29,3 мың теңге. Облыстың ірі және орта кәсіпорындарында 2008 жылдың қарашасында 116,1 мың адам жұмыс жасады, олардың жалақысы 95,2 мың теңгені құрап, 2007 жылдың сәйкес айына қарағанда 19,1 пайызға артты.
Соңғы жаңалықтар