Өткен жылы Ақмола облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 2 млрд. 14 млн. теңге қаржы игерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2013 жылы Ақмола облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы аясында 2 млрд. 14 млн. теңге қаржы бөлініп, игерілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Өткен жылы Ақмола облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 2 млрд. 14 млн. теңге қаржы игерілді

Аталмыш бағдарлама аясында аймақта 1200 адам еңбекпен қамтылған. Оның ішінде өз кәсібін бастау үшін шағын несиені алған азаматтар үлесі басым.

Атап айтқанда, өткен жылы 453 тұрғын несие алып, елді мекендерде өз кәсібін ашқан. Бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп.

«Жалпы несие алып, ауылда өз кәсібін ашқан тұрғындардың көпшілігі мал шаруашылығымен айналысуға ден қойған. Аграрлы аймақ саналатын Ақмола облысы үшін бұл дұрыс бағыт», делінген хабарламада.