Өткен жылы Астанада шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру көлемі 50,3 пайызға төмендеді

АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Өткен жылы Астанада әлемдік дағдарыстың әсерінен шағын кәсіпкерлік субъектілерді несиелендіру көлемі 50,3 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін тұрғындар алдында есеп берген қала басшысы Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ұзақ мерзімді экономикалық тұрақтылықты бизнестің көмегінсіз қамтамасыз ету мүмкін емес және шағын және орта кәсіпкерлік ішкі аймақтық өнімнің негізгі бөлігін қалыптастырып, мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігінің беріктігіне кепілдік береді. Осы тұрғыда үстіміздегі жылы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды. Онда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға баса назар аударылды. Бұл Астана қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруге 30 миллиард теңгеден төмен емес көлемде қаржы бөлу туралы меморандумда көрініс тапты. Осы және басқа да кешенді шаралардың нәтижесі бойынша үстіміздегі жылы кәсіпкерлік саласы шығаратын өнімдердің көлемі 313,2 миллиард теңгеге артуы күтілуде», - деді ол. Аталмыш саладан бөлек, Меморандумның жеке тармақшасында өнеркәсіп саласын ынталандыру да қарастырылған. 2008 жылдың өзінде қаланың Индустриялық паркінде бірқатар серпінді жобалар жүзеге асырыла бастады. Бұл мақсатқа 45 миллиард теңге бөлу қарастырылып отыр. «Нақты айтатын болсақ, бұл қаржының бір бөлігі биылғы шілде айында ашылуы тиіс локомотив зауыттың құрылысын аяқтауға бағытталатын болады», - деді әкім.Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасына сәйкес Астана қаласының маңында Азық-түлік белдеуін құру жөніндегі жобаны іске асыру басталды. Өткен жылдан бастап етті қайта өңдейтін «Апл сити фуд» зауыты, «Алтын таға» базары және «Астана логистик» логистикалық орталығы жұмыс істей бастады. Олардың негізгі қызметі бағаны тұрақтандыруға бағытталып отыр. Сонымен қатар, елордада ұн мен нанның бағасын тұрақты ұстап тұру үшін 93 мың тонна көлемінде Астықты тұрақтандыру қоры жасақталды.
Соңғы жаңалықтар