Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісінің көлемі 88,3 пайызды құрады - министр

АНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2010 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісінің көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 88,3 пайызды құрады.

Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісінің көлемі 88,3 пайызды құрады - министр

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ақылбек Күрішбаев мәлім етті.

Министрдің айтуынша, өткен жылы өндіріс қарқыны тек өсімдік шаруашылығында бәсең болды. Ал қайта өңдеу саласының даму көрсеткіші 13 пайызға жеткен.

«Мал шаруашылығы саласында да даму қарқыны сақтап қалынды. Малдың барлық түрінің саны орташа алғанда 2-3 пайызға көбейді. Сәйкесінше, мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі де арта түсті. Құс шаруашылығы өнімдерінің өндіру көлемі тұрақты артып отырғанын атап өту керек. Өткен жылы жұмыртқа өндірісі 13,6 пайызға, құс еті өндірісі 25 пайызға өсті. Сөйтіп, соңғы үш жылда сырттан әкелінетін құс етінің ішкі нарықта пайдаланылуы 70-тен 50 пайызға дейін азайды», - деп атап өтті министр.