Өткен жылы БҰҰ-ның 35 қызметкері қаза тапты

АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат- Өткен жылы әлемде Біріккен Ұлттар Ұйымының 35 қызметкері опат болды.
None
None

Олардың жетеуі бітімгершілік миссиялардың әскери қызметкерлері болса, 28 адам - азаматтық қызметкерлер. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.

Алты бітімгер Суданның Дарфур провинциясында оққа ұшты. Ал туған елі - Пәкістанда демалыс кезінде БҰҰ-ның Судандағы бітімгершілік операциясы қолбасшысының орынбасары генерал Ахмед Моинуддин қаза тапты.

БҰҰ-ның 9 қызметкері Пәкістанда опат болса, тағы жеті азаматтық қызметкер - Ауғанстанда, бесеуі Газа секторында қаза тапты. Қалған бітімгершілер Сомали, Гаити, Колумбия және Кения елдерінде опат болған.

Бұл мәліметтерді БҰҰ қызметкерлерінің кәсіподағы жария етті.

Соңғы жаңалықтар