Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өткен жылы бюджет түсімдері 4 трлн. 34 млрд. теңгені құрады ? Б. Жәмішев

АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Өткен жылы бюджет түсімдері 4 трлн. 34 млрд. теңгені, яғни 99,6 пайызды құрады.

Өткен жылы бюджет түсімдері 4 трлн. 34 млрд. теңгені құрады ? Б. Жәмішев
Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Қаржы министрлігінің 2008 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2009 жылға арналған міндеттері» тақырыбында өткен Үкімет сағатында ведомства басшысы Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қаржылық ресурстарды үлгілендірудің стратегиялық бағыты аясында Қаржы министрлігі жоспарланған кірістерді 100 пайыздық деңгейде орындады. Өткен жылы бюджет түсімдері 4 трлн. 34 млрд. теңгені, яғни 99,6 пайызды құрады. Сондай-ақ 2008 жылғы өсім қарқыны 2007 жылмен салыстырғанда 139,7 пайызды құрады. Сонымен бірге, экспорттық пошлинаны есепке алмағанда, республикалық кірістердің орындалуы 92 пайыздық деңгейге жетті», деді Б. Жәмішев. Министрдің айтуынша, салықтың негізгі түрлерінің орындалмай қалуы корпоративтік табыс салығы бойынша 23,8 млрд. теңгені құраса, тау-кен секторындағы аванстық төлемдердің 10 есеге дейін қысқаруына орай 47 млрд. теңгеден 4,6 млрд. теңгеге дейін төмендеген. Жалпы, салықтық түсімдердің орындалмауы 15 пайызды құраған. «Бұл көрсеткіш негізінен ішкі экономикалық қызметтің айтарлықтай төмендеуінен орын алды. Бұл үдеріс өткен жылдың екінші жартысынан басталып, биыл да жалғасып отыр», деді Қаржы министрі.