Өткен жылы Есіл ауданында шағын және орта бизнестен салық түсімдері 10,653 млрд. теңгені құрады
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен жылы Есіл ауданында шағын және орта бизнестен түскен салық түсімдері 10 млрд. 653 млн. теңгені құрады. Бұл туралы бүгін жұртшылықпен есеп беру кездесуі барысында Есіл ауданының әкімі Қайрат Жаңабергенов айтты.
«Егер 2009 жылы орта және шағын бизнестен түскен салықтар 1 млрд. 81 млн теңгені құраса, 2010 жылы 10 млрд. 653 млн. теңгеге дейін ұлғайды», - деді аудан басшысы.
Оның атап өтуінше, кәсіпкерліктің дамуында бизнесті мемлекеттік қолдау зор рөл атқарған. Қазіргі уақытта Есіл ауданының аумағында 2082 кәсіпорын жұмыс істейді