17:19, 28 Қаңтар 2009 | GMT +5
Өткен жылы Ішкі әскер жасақтары елордада 7,5 мың қоғамдық тәртіп бұзушыны ұстады
АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Өткен жылда ҚР Ішкі әскер жасақтарының адамдары елордада 7,5 мың қоғамдық тәртіпті бұзушыны ұстады, оның 223-і қылмысқа қатысы бар деген күдікпен құрықталғандар.

Бұл туралы бүгін Астанада Ішкі әскер комитетінің жылдық қорытындысын шығару барысында Ішкі әскер қолбасшысы Руслан Жақсылықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ішкі әскер жасақтары қоғамдық қауіпсіздікті күзетудің 2 074 міндетін орындады. Соның ішінде 99-ы саяси-қоғамдық іс-шараларға қатысты іс-қимылдар болып табылады», деді ол. «Азамат Жанғұтин басшылық жасайтын қарауыл жасағы «Встреча» сауда үйінің маңында үш азаматты тексеру барысында оқталған «Макаров» тапаншасын тапты. Жасаған ерлігі үшін Азамат Жанғұтин Ішкі істер министрінің бұйрығымен медальға ие болды», деді Ішкі әскер қолбасшысы.