Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өткен жылы Қаржы полициясы органдары спирттік ішімдіктерді жасаумен айналысқан 22 астыртын цехтың жұмысын тоқтатты

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен жылы Қаржы полициясы органдары спирттік ішімдіктерді жасаумен айналысқан 22 астыртын цехтың және есепке алынбаған алкоголь өнімін шығарған 2 зауыттың заңсыз қызметін тоқтатты.

Өткен жылы Қаржы полициясы органдары спирттік ішімдіктерді жасаумен айналысқан 22 астыртын цехтың жұмысын тоқтатты

Бұл туралы бүгін Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің алқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Заңсыз айналымнан 28,5 млн .теңгенің арақ-шарабы және жарты миллионнан астам жалған есепке алу-бақылау маркалары тәркіленді.

Қолдан жасалған спирттік ішімдіктерді дайындайтын астыртын цехтардың қызметі халықтың денсаулығы үшін аса қауіпті болып табылады. Мәселен, Өскемен қаласында антисанитарлық жағдайда коньяк және арақ өнімдерін шығарумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді. Қылмыстық топтың басшысы мен оның сыбайластарының мүлкі тәркілеіп, өздері бас бостандығынан айырудың түрлі мерзімдеріне сотталды.