Өткен жылы қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін сақтамау бойынша 170 мың факті анықталды
АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2009 жылы жол ережесін қадағалау саласында 2 миллион құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың ІІМ-нің Жедел басқару орталығында болған кезінде мәлім болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, 74 мың мас жүргізуші ұсталған. 11 мың жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін сақтамаудың 170 мың факті анықталды. Сонымен бірге рөлде отырып ұялы телефонды пайдалудың 38 мың фактісі белгілі болды. 48 мыңнан астам жаяу жүргіншілерге айыппұл салынған.
2009 жылы жол-көлік оқиғалары саны 9 пайызға, мерт болғандар 14 пайызға, жарақат алғандар 10 пайызға азайған.