Өткен жылы Қазақстанда 70,6 млн. тонна мұнай-газ конденсаты өндірілді ? С. Мыңбаев

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2008 жылы елімізде мұнай-газ конденсатын өндіру 70,6 млн. тоннаны құрады.
None
None
Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 5 пайызға артық. Бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өткен жылы өңделіп, республикамыздың ішкі нарығына жеткізілген мұнай көлемі 13,4 млн. тоннаны құрады. Мұның ішінде 6,7 млн. тонна, яғни өнімнің жартысына жуығы Ресейден импортталып отыр. Сондай-ақ Павлодар мұнай химия зауыты толығымен ресейлік мұнайды өңдесе, осы мұнайдың жекелеген бөлігі Шымкент-ПетроҚазақстанға жіберілді», - деді С. Мыңбаев. Министрдің айтуынша, өткен жылы мұнай өнімдерінің басқа да түрлерін тұтыну көрсеткіші айтарлықтай өскен. Оның ішінде, әсіресе, отандық авиакеросин өндіру көлемі де тұрақты түрде артып отыр.
Соңғы жаңалықтар